Ресей депутаты: Қазақстан аумағы – Ресей тарапынан жасалған үлкен сый

/image/2020/12/12/crop-32_14_629x1119_5fd3982ca3e8c010136047.png

Ресей думасының депутаты және "Большая игра" бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов "Первый канал" мемлекеттік телеарнасының эфирінде "Қазақстан аумағы – Ресей тарапынан жасалған сый" деп мәлімдеді. Бұл туралы kaztag.kz сайты хабарлады.

– Қазақстан мүлде болмаған, ал солтүстік Қазақстанда адам тұрмаған. Олар (қазақтар - ред.) болды, тек оңтүстік жақта. Шын мәнінде, Қазақстан аумағы – Ресей және Кеңес одағы тарапынан жасалған үлкен сый. Ортаазиялықтарға қатысты да күрделі жағдайлар көп, –  деді депутат.

Ресей шенеуніктері тарапынан осыған ұқсас мәлімдемелер бұған дейін де айтылған. Солардың ішіндегі қоғамда қызу талқыларынп, қарсылық көңіл күйін тудырған Ресей президенті Владимир Путиннің сөзі. Ол 2014 жылы "қазақтарда мемлекеттілік болмаған. Оны Нұрсұлтан Назарбаев құрды" деген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи